Дуровтың өзі кепілге қажетті ақшаны бөліп төлейді

Дуровтың өзі кепілге қажетті ақшаны бөліп төлейді

Павел Дуров бостандыққа шығу үшін кепіл сомасын бірден емес, бөліп-бөліп төлейді.

Бұл туралы Париж прокуратурасына сілтеме жасай отырып, Риа Новости агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Франция соты кепіл сомасын 5 миллион еуро көлемінде белгілеген еді. Десе де прокуратур өкілдері осы күнге дейін кәсіпкердің қанша төлегені туралы мәлімет бермеді. Париж әуежайында қамауға алынған Телеграм басшысы 28-тамызда кепілге босатылған еді. Ол 12 түрлі қылмыс бойынша күдікке ілінген. Солардың ішінде ақша жымқыру, лицензиясыз криптовалюталық қызмет көрсету, киберқылмысқа қатысу, тергеуге қажетті ақпарат беруден бас тарту бар. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Дуровқа Франциядан кетуге болмайды. Ол аптасына екі рет полиция бөлімшесіне барып тұруға міндетті.