Оңтүстік Корея жасанды интеллектімен қамтылған электронды оқулықтар шығарады. LIVE
Оңтүстік Корея 2023 жылғы деректер бойынша Жаһандық жасанды интеллект инновациялар индексінде 6-шы орынды иеленді.
Үкімет оны одан әрі жақсартуды жоспарлап отыр. Мысалы, Таңғы шық елі әлемде алғаш рет жасанды интеллектіге негізделген электронды оқулықтар шығарғалы жатыр. Жергілікті билік жасанды интелекті өзге де салаларда енгізіліп жатқанын мәлімдеді.
Владислав Цой, тілші:
- Маған мемлекеттік медициналық сақтандыру қызметінен қоңырау шалып, осындай технология медициналық тексеруден өту керектігін еске салады. Смартфонда жасанды интеллект дауысымды таниды және бір күнде қанша қадам басқанымды санай алады. Бұл технологиялардың қарттарға көмегі көп. Мысалы, Кёнги провинциясы елде алғаш рет «смартфонға негізделген күтім қызметін» құрды. Ол 65 жастан асқан 1000 қарт адамға арналған. Ұялы телефон камерасын саусағыңызбен 15 секунд ұстасаңыз, адамға жүрек-тамыр соғысы, оның халі туралы айтып береді. Сонымен қатар бұл смарт-қолданба адамның көмекке мұқтаждығын анықтап, жедел қызметке қоңырау шала алатынын дауыспен еске салады. Жасанды интеллектімен жұмыс істейтін қызмет 65 жастан асқан қарт адамдарға аптасына бір рет телефон соғып, хал-жағдайын біледі. Егер адам 3 рет қоңырауға жауап бермесе, әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері сол күні оның жеке телефонына қоңырау шалуға тырысады. Ал телефонды ешкім көтермесе онда қызметкер қарттың үйіне барады.
Қаржы секторында жасанды интеллект алаяқтықты анықтау, клиенттерге қызмет көрсету және кеңес беру үшін қолданылады. Ал жақында мұндай технология энергетикалық компанияның бірінде енгізілді. Ол арқылы бірлестік маманы электр стансыларының құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жобалау кезінде жасанды интеллектіге сұрақтар қоя алады. Бұл электр стансы қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге септігін тигізген. Бұдан бөлек, Оңтүстік Корея әлемде алғаш болып 3 пән: математика, ағылшын тілі және информатика бойынша жасанды интеллектіге негізделген цифрлық оқулықтарды енгізуді жоспарлап отыр. Оларды 2025 жылдың наурыз айыннан бастап қолданысқа енгізілгелі отыр. Мысалы, математикада жасанды интеллект оқушының қабілет деңгейін анықтауға көмектеседі. Ағылшын тіліне келетін болсақ AI студентке оның ағылшын тілін білу деңгейіне сәйкес сабақ таңдай алады және оның нұсқауы бойынша түрлі тапсырмаларды орындауға көмектеседі.
Биыл Оңтүстік Кореяда жасанды интеллектті дамытуға барлығы 909 миллиард вон – шамамен 606 миллион АҚШ доллары инвестицияланады. Бұл орман өрті мен су тасқыны сияқты апаттарға қарсы әрекетті күшейту үшін аурухана, шағын бизнес және кедендік рәсімдеу ісінде жасанды интеллектіні пайдалануға мүмкіндік береді.