Маймыл шешегі: ЮНИСЕФ екпе сатып алуға шұғыл тендер жариялады

ЮНИСЕФ маймыл шешегіне қарсы вакцина сатып алуға шұғыл тендер жариялады.

Сөйтіп, келер жылға дейін оның 12 млн дозасын жеткізу туралы келісімге қол қойылуы мүмкін. Сонда халықаралық ұйымаурудан ең қатты зардап шеккен мемлекеттерге шұғыл түрде препарат жіберіп отыра алады. Ол үшін әлем елдері мен БҰҰ Балалар қорының серіктестері қаржы бөлу керек.

Бүгінде маймыл шешегінен Африкадағы елдер көп зардап шегіп отыр. Мұнда 20 мыңнан аса дерек тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері құрлыққа екпенің дұрыс жеткізілмей жатқанын айтып, алаңдаушылығын білдірді.