BMW 140 мың электромобилін кері қайтарады
Неміс автоөндірушісі BMW компаниясы 140 мың электромобилін кері қайтарады.
Шешім аккумулятордағы ақауға байланысты қабылданды. Мәліметке қарағанда ол тіпті темір тұлпар қозғалмай тұрғанда да өздігінен қызып кетіп, өртенуі мүмкін екен. Бірлестік осындай 2 оқиға тіркелгенін хабарлады. Осыған байланысты компания Еуропада 2018-2024 жылдар аралығында жасап шығарылған Мини Купер модельдерін кері қайтармақ. Бұл компания акцияларының 1%-ке арзандауына әкелді. BMW өткен айда да АҚШ-тағы 720 мың көлігін кері қайтаратынын жариялаған еді. Ол кезде мәселе қысқаша тұйықталумен байланысты болған.