Аюлар адамдар мен малдарға шаба бастады

Якутияда аюлар ірі қара мал мен адамдарға жиі шабуылдайды.

Осы себепті тұрғындар орманға емін-еркін кіріп жүре алмайтын жағдайға жетті. Кейінгі жылдары аймақта жыртқыштар тіпті көбейіп, халықты әбігерге салып отыр.

Якутия тұрғындары осындай бейнелермен әлеуметтік желіде жиі бөліседі. Жыртқыш аңдардың шабуылынан, жыл сайын 3-4 адам көз жұмады. Бірақ тұрғындар осыған қарамастан күн жылып, жер қарайғанда орманға саңырауқұлақ пен жидек теруге жиі барады.

Вера Малеева, Нижний Бестах ауылының тұрғыны:

- Қанша қорықсақ та, саңырауқұлақ пен жидектерді уақытында теріп алу керек.

Ал аюлар орман маңындағы ауылдар мен саяжайларда емін-еркін жүре береді. Олар адамға тиіспесе, адамдар оларға тиіспейді, - дейді тұрғындар.

Александр Тасыгин Оймякон ауылындағы аңшы. Ол тау бұғысы, бұлан сияқты аңдарды аулайды. Әрі ол кейінгі 10 жылда өзге аңшылармен бірлесіп аю санын көбейтуге ден қойып келеді.

Александр Тасыгин, аңшы:

- Біздің аймақта аю көбейіп келеді. Бұл бір жағынан жақсы. Бірақ олар ірі қара мал мен адамдарға жиі шабуылдайды.

Өңірде жыртқыштардың санын бір ретке келтіріп, бақылаумен ешкім айналыспайды. Бір аюды баптап, қолға үйрету үшін мемлекетке 4 мың рубль төлеу керек. Оның үстіне, аюдың еті тағамға жарамсыз, терісі де бағалы емес әрі оны аулау тиімсіз.

Владимир Решетников, Саха республикасының табиғатты қорғау және орман шаруашылығы министрлігі департаментінің басшысы:

- Шектеулер мен квоталар бойынша аюдың өнімділік пайызы өте төмен. Шамамен 30-35% болады.

Саха Республикасында қазірде 20 мыңнан астам аю мекендейді. Олар орманнан қажетті қорек таппаған соң, адамдар тұратын үйлерге жақындап, ірі қара малды жеп кетеді. Осыған байланысты аюлар көп жүретін аудан тұрғындарына жыртқышпен кезігіп қалған жағдайда қалай әрекет ету керектігі түсіндіріліп отырады.  

Фариза Жанғанаева, 24.KZ