Қырғызстанда қар жауды
Қырғызстанның солтүстігіне қар жауды, деп хабарлайды 24KZ.
Ақ ұлпаның әдеттегі мезгілден ерте түсуі Шу өңірінде тіркелді. Синоптиктердің сөзінше, жаз-күз айларында қар осымен екінші рет жауып отыр. Алғаш рет ол тамыз айының соңында жапалақтаған. Қазір аймақта күн суық. Сынап бағанасы нөлден төмен.