Ауғанстандағы әйелдер тәліптер енгізген шектеуге наразылық білдірді
Ауғанстанда әлеуметтік желіде әйелдердің ән салған бейнеролигі тарады.
Олар осылайша тәліптердің енгізген жаңа ережесіне наразылық білдірді. Белсенді әйелдер желіде видеоны #меніңдаусымашектеужоқ, #Тәліптергежолжоқ деген хэштегпен жариялап жатыр.
Еске салайық, өткен айда Ауғанстанда қыз-келіншектерге қатысты 35 жаңа ереже күшіне енді. Заңнамада оларға бетін жаппастан көшеге шығуға, ер адамдарға тіке қарап, бөтен кісілермен сөйлесуге, көпшілік алдында даусын шығарып сөйлеп, ән айтуға тыйым салынғаны жазылған. Құқық бұзғандар 3 тәулікке қамауға алынады. Талибан қозғалысы жаңа шектеулер әйелдердің құқына нұқсан келтірмейді деп отыр. Ал Еуроодақ пен БҰҰ бұл құжатты қатаң айыптады.