Volkswagen жұмысшылары далада қалудан қорқады
Германияның Вольфсбург қаласында Volkswagen авто-концернінің 20 мың қызметкері ереуілге шықты.
Олар басшылықтың үнемдеу шараларына қарсы. Атап айтқанда концерн елдегі екі зауытты жабуы мүмкін. Өйткені пандемиядан кейін сұраныс 500 мың көлікке азайған. Шығын 10 миллиард еуроға дейін өскен. Қазір еуропалық компаниялар Tesla мен Қытайдағы көлік өндірушілер тарапынан бәсекеге төтеп бере алмай отыр. Volkswagen-нің де табысы айтарлықтай азайған. Жалпы неміс авто-концернінде әлем бойынша 700 мың адам еңбек етеді. Солардың 300 мыңы - Германияда. Енді олар жұмыссыз қаламыз ба деп алаңдап жатыр.
- Жағдай қиын. Ертең не боларын ешкім білмейді. Келісімшарт бойынша жұмыс істейтін біз сияқты қызметкерлер бірінші кететін сияқты. Менің келісімшартымның мерзімінің аяқталуына әлі 5 ай бар. Енді жалақысы жақсы жұмыс табу оңай болмайды.
- Мен компания қызметкерлерінің 30 пайызын қысқартқалы жатыр деп естідім. Енді бұл шын болмай шықса екен деп отырмыз.