Суэц каналы арқылы жүк тасымалы азайып барады

Суэц каналында жүк тасымалының қарқыны бәсеңдеді.

Көрсеткіш 66 пайызға төмендеп кеткен. Оған хуситтердің шабуылы себеп.

Даниялық Эй Пи Моллер Маерск компаниясы келтірген дерек бойынша, 2023 жылдың соңында басталған шабуылдарға дейін Суэцк арқылы ғаламдық тауарлардың 12 пайызы мен контейнерлердің 30 пайызы өтетін болған. Ал қазір жағдай мүлдем басқа. Содырлардың шабуылынан қауіптенген жүк тасымалдаушы кемелер Қызыл теңізді айналып өтіп жатыр.