Джо Байденнің баласы салықтан жалтарғанын мойындады

АҚШ президенті Джо Байденнің баласы салықтан жалтарды деп тағылған барлық айыпты күтпеген жерден мойындады.

Осылайша Хантер жариялы түрде өтетін сот ісінен аман қалды. Бірақ енді оған 15 жылға түрмеге қамалу және 1 миллион доллар айыппұл төлеу қаупі төніп тұр. Сот үкімді 16 желтоқсанда шығаратынын мәлімдеді. Байденнің баласы «туыстарын сот ісіне қатыстырудан құтқарып, өткен өміріндегі келеңсіз жайттарды қозғатпау үшін кінәсін өз еркімен мойындағанын» ашық айтқан. Естеріңізге сала кетейік, Хантерге 400 мың доллар салықты төлемеді деген айып тағылған еді.