2024 жылдың жазы ең ыстық кезең ретінде тіркелді

2024 жылдың жаз айлары тарихта ең ыстық кезең ретінде тіркелді.

«Коперник» климаттық өзгерісті бақылау бағдарламасының кезекті есебінде осылай делінген. Зерттеуде кейінгі үш ай жер планетасында ми қайнатар ыстық орнады деп жазылған. Әсіресе Шығыс Еуропа мен Техас, Мексика, Канада, Қытай, Жапония және солтүстік-шығыс Африка аймақтарында бұрын-соңды болмаған аптап байқалған. Бұл елдерде сынап бағанасы былтырғы кезеңмен салыстырғанда әдеттегіден рекордтық деңгейде жоғары болды. «Ыстықтың әлі де басылмауына байланысты биылғы жыл ең ыстық жыл болуы мүмкін», - дейді мамандар.