Конго Республикасына маймыл шешегіне қарсы вакцина жеткізілді
Конго Демократиялық Республикасына маймыл шешегіне қарсы вакцинаның алғашқы бөлігі жеткізілді, деп хабарлайды 24kz.
Еуропа елдері алдымен аймаққа 99 мың доза екпе жіберсе, осы жексенбіде тағы 100 мыңын жөнелтеді. Бұлай деп ЕО өкілі хабарлады. Оның айтуынша, Кәрі құрлық бас-аяғы 600 мыңға жуық вакцина жөнелтуді жоспарлап отыр. Осылайша, ауру ошағы Конгода екпе алғаннан кейін кеселдің таралу қаупі бәсеңдеуі мүмкін.
Айта кетейік, жыл басынан бері Конгода маймыл шешегі індетінің 20 мыңға жуық жағдайы тіркеліп, 655 адам қаза тапты.