Перуде орман өрті өршіп тұр

Перудің солтүстік өңірдерінде орман өрті өршіп тұр.

Әсіресе Каджамарка аймағындағы ахуал күрделі. 2,5 мың гектар орман алқабы өртеніп кеткен. Осыған байланысты билік төтенше жағдай жариялады. Тұрғындар үйлерін тастап, бас сауғалап жан-жаққа қашып жатыр. Өрттің біраз бөлігі сөндірілді. «Бірақ қайта шарпуы мүмкін», – дейді мамандар. Қазірде апат орнында 100-ден астам өрт сөндіруші тілсіз жаумен күресіп жатыр. Сондай-ақ ондаған техника мен әуе күштері жұмылдырылған.