АҚШ-та жер сілкінісін болжайтын жасанды интеллект моделі құрылды
АҚШ-тағы Аляска университетінің ғалымдары жасанды интелектінің көмегімен жер сілкінісін бірнеше ай бұрын болжайтын модель ойлап тапты.
Бағдарлама бұған дейінгі ірі зілзалаларды талдау арқылы алдын ала құрылған арнаулы алгоритмдермен жұмыс істейді. Зерттеушілер табиғи апат ошағында 3 ай бұрын белсенділік байқала бастайтынын анықтаған.