Боливияда өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды

Боливия билігі орман мен жайылымдағы өртке байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды 24kz.

Тілсіз жау қазірдің өзінде 3 миллион 800 мың гектар аумақты жалмап үлгерген. Мамандар «осындай ауқымдағы табиғи апат бұрын-соңды болмаған», дейді. Елде шілдеден бері күн қатты ысып, құрғақшылық күшейіп, от өршіп кетті. Жергілікті ақпарат құралдары ел астанасы Ла-Паста түтін салдарынан ауа ластанып кеткенін жарыса жазды. Қазір Боливияда өрт 20 қалаға қауіп төндіріп тұр.