Үндістанда тасқын 32 адамның өмірін қиды

Үндістандағы тасқынның беті қайтар емес.

Соңғы дерек бойынша, табиғи апаттан көз жұмғандар саны 32 адамға жетті. Әсіресе елдің шығысындағы Виджаявада қаласында жағдай қиын. Үйлер мен жолдарды су шайып кеткен. Билік тұрғындарды жаппай көшіріп жатыр. Үйінде қамалып қалған кейбір адамдар «бізге құтқарушылар келмеді» деп шағымданып жатыр. Метеорологтар болса жаңбыр тағы жауады дейді.