Ауғанстанда 700 бала аштықтан көз жұмды

Ауғанстанның Нангархар провинциясында кейінгі жартыжылда 700 бала аштан өлген.

Бұл туралы тәліптердің қоғамдық денсаулық сақтау департаменті хабарлады. Олардың хабарлауынша, қазір аймақтағы ауруханаларды дүниежүзілік банк пен ЮНИСЕФ ұйымы ғана қаржыландырып отыр. Егер бұл екі құрылым мекемеге қаржы аударуды тоқтатса, бала өлімі бұдан да артуы мүмкін. Тәліптер билік басына келгеннен кейін шетелдік ұйымдар Ауғанстандағы емдеу орындарын қаржыландыруды тоқтатқан. «Бұл аймақтағы денсаулық сақтау саласының құлдырауына, бала өлімінің көбеюіне әкеп соқты дейді», - сарапшылар.