Саха Республикасында салмағы 52 грамм гауһар тас табылды
Саха Республикасындағы Эбелях кен орнынан салмағы 52 грамм болатын гауһар тас табылды.
Бағалы дүниені мамандар алмазды кен орнының топырағын тазалау кезінде анықтаған.
Графит, сульфид сияқты химиялық қоспасы бар зергерлік алмас мөлдір кристалдармен көмкерілген. Қазір ол сараптамалық бағалауға жіберілді. Мамандардың айтуынша, бұл осымен екінші рет Эбелях кен орнынан табылған гауһар тас. Былтыр қыркүйекте салмағы 78 грамм кристалл анықталған. Бұл соңғы 10 жылдағы Ресейден табылған ең үлкен бағалы тас.