Германия шекарадағы бақылауды күшейтеді

Германия кеден бекеттеріндегі бақылауды күшейтпек.

Жаңа қаулы қыркүйектің 16-сында күшіне енеді. Ел билігі осы арқылы заңсыз мигранттар көші-қонына тосқауыл қоймақ. Себебі кейінгі бір жылда ел аумағын 50 мыңнан аса босқын кесіп өткен. Бұл көрсеткіш жылдан жылға артып барады. 2023 жылдың соңында жасалған есеп бойынша, қазір Германияда 3 миллион 200 мың босқын өмір сүріп жатыр.