Парагвай өзені тартылып жатыр
Парагвайда Амазон орманындағы құрғақшылық кесірінен Парагвай өзені тартылып жатыр.
Су деңгейі соңғы 100 жылда болмаған деңгейге төмендеп кеткен. Соның салдарынан аймақта кеме қатынасы тұралап қалды. Мамандардың айтуынша, су айдынының таяздануына климаттың өзгеруі мен орман ағаштарының жаппай оталуы себеп. Теңізге шығатын жолы жоқ Парагвай өз тауарларының 80 пайызын өзен арқылы экспорттайды. «Сондықтан аймақтағы ахуал жуыр арада оңалмаса, ел экономикасы қиындыққа тап болады», - дейді мамандар.