Қытайда АЭС ең тұрақты энергия көзі саналады

Қытай – әлемдегі энергияны ең көп өндіруші және тұтынушы елдің бірі. Көрші мемлекеттің шығысы мен оңтүстік-шығысында энергияға сұраныс жоғары, деп хабарлайды 24kz.

Себебі, негізгі өндіріс орындары осы аймақтарда. Әрі халық тығыз орналасқан. Ал мемлекетте кейінгі 10 жылда энергияға сұраныс күрт артқан. Сондықтан мамандар «миллиондаған тұрғыны мен жүздеген зауыты бар шаһарларды энергиямен тұрақты әрі қауіпсіз түрде қамтамасыз етуге тек Атом электр станциялары қауқарлы», дейді. Бұған дейін Қытай оған қажетті қондырғылардың басым бөлігін шетелден экспорттап келген. Жергілікті билік бұған стратегиялық мән беріп, бүгінде құрылысқа керекті 90% жабдықты өздері шығарады. Компаниялары халықаралық нарыққа шығып, өзге елдерге АЭС салумен айналысуда. Қытайдың үшінші буынға жататын Хуалонг-1 ядролық станциялары бүгінде әлемге танымал. Жылдық қуаты 1200 мегаватқа дейін жететін энергоблоктар Пәкістанда жұмыс істеп тұр.

Инь Сиджун, China National Nuclear Corporation Overseas LTD компаниясының Орталық азия бойынша департаментінің бас директоры:

- Қытайда ең алғашқы атом энергоблогы 1991 жылы іске қосылды. Жасыратыны жоқ, ол өте қиын кез еді. Халық түрлі пікір айтты. Алайда батыл қадамның арқасында энергия тапшылығы жойылып, ел экономикасын дамытуға бағытталды. Бүгінде біздің үшінші буын АЭС-тердің қауіпсіздігі жоғары. 30 жылда бір де бір апат болған емес.