Израиль Газадағы босқындар лагерін атқылап, 40 адам қаза тапты

Израиль әскері Газа секторындағы босқындар лагеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды 24kz.

Соның салдарынан 40 адам қаза тапты. 60-ы жарақат алды. Associated Press таратқан ақпар бойынша әл Маваси ауданында орналасқан гуманитарлық аймақ 4 зымыранмен атқыланған. Израиль әскерилері, нысанаға босқындар емес, ХАМАС-тың басқару орталығы алынғанын айтады. Өз кезегінде, қозғалыс өкілдері аталған аймақта содырлардың болмағанын алға тартып отыр.