Apple ережені бұзғаны үшін Ирландияға €13 млрд қайтарады

Америкалық Apple компаниясы салықтық жүйеде еуропалық ережені бұзғаны үшін Ирландияға 13 млрд еуро қайтаруы тиіс, деп хабарлайды 24kz.

Люксембургтегі Еуроодақ соты осындай шешім шығарды. Еурокомиссияның мәліметінше, 2003-2014 жылдар аралығында компания Ирландияда 12,5% базалық мөлшерлемемен 1%-ке дейін жеңілдетілген салық төлеп келген. Сарапшылар мұны Apple-дің барлық еуропалық сатылымдарының Ирландияда тіркелуімен байланыстырады. Өйткені корпорацияның басты еуропалық кеңсесі өнім сатылатын елдерде емес, дәл осы Ирландияда орналасқан.

 

Еуропалық сот Google компаниясына €2,4 млрд айыппұл салды

Америкалық тағы бір алпауыт Google корпорациясына Еуроодақтың бәсекелестік ережелерін бұзғаны үшін 2,4 млрд еуро айыппұл салынды. Шешімді Еуропалық сот шығарды. Оқиғаның өршуіне 2009 жылы британдық Foundem фирмасының технологиялық алпауыттың үстінен шағым түсіруі түрткі болды. Артынша Google Еуропалық сотқа апелляциялық шағым түсірді.