АҚШ-та компаниялардың банкротқа ұшырауы жиіледі

АҚШ-та 8 айда 400-ден астам компания банкрот болған.

Кейінгі 4 жылда бұл көрсеткіш тым артқан. Бірлестіктердің дағдарысқа тап болуы әсіресе сәуір-маусым айларында жиілейді. Ал өткен айда банкроттыққа байланысты сотқа жүгінген 3 компанияның мемлекетке берешегі 1 млрд АҚШ долларына жетті. Төлем қабілетсіздігін жариялағандардың қатарында жанармай құю стансылары мен косметика өндіруші компаниялар бар.