БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы ашылды

БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы ашылды

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы ашылды.

Сессия барысында алғаш рет «Болашақ саммиті» өтеді. Ұйымға мүше мемлекеттер бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды. Бұдан бөлек, БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы жоспарланған. Оған әр елдің сыртқы істер министрлері мен мемлекет басшылары қатысады. Дәстүрлі басқосуда тұңғыш рет Палестина өкілдері де болады. Енді Таяу Шығыс елі өңірлік мәселелерге арналған жиындарға өз өкілдерін қосып, түзетулер мен ұсыныстарын айта алады. Палестина БҰҰ-ға бақылаушы-мемлекет мәртебесіне ие. Оның Бас Ассамблея отырыстарында дауыс беру құқығы жоқ.