Луизиана штатында дүлей дауыл соқты
АҚШ-тың Луизиана штатында "Франсин" дауылы соқты.
Салдарынан аймақта ағаштар құлап, электр сымдары үзілді. Қазір 200 мыңнан аса үй жарықсыз отыр. Синоптиктердің сөзінше, көп ұзамай аймақта су тасқыны жүруі мүмкін. Осыған байланысты өңірде төтенше жағдай режимі жарияланып, мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшіріле бастады. 2005 жылы дәл осы штатта «Катрина» дауылы ойран салған еді. Табиғат апаты Жаңа Орлеан қаласын қиратып, 1400 адамның өмірін қиған еді.