Израильдің әуе соққысынан БҰҰ-ның 6 қызметкері қаза тапты

Израиль әскері БҰҰ-ның Газа секторындағы мектебіне әуе соққысын жасады. Соның салдарынан 14 адам қаза тапты.

Олардың алтауы – БҰҰ-ның палестиналық босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Таяу Шығыстағы өкілдігі қызметкерлері. Израиль әскерилерінің айтуынша, әуе соққысы әуелден ұйым өкілдеріне емес, мектеп аумағында жасырынған ХАМАС содырларына бағытталған. Өкінішке қарай, былтырдан бері Газа секторында гуманитарлық ұйымдардың 280 қызметкері қаза тапты. Басым бөлігі – БҰҰ мамандары.