Жапонияда шайлық берілмейді

«Әр елдің салты басқа».

Қазақтың осы қанатты сөзінің мәні шайлық беру мәдениетіне келгенде анық байқалады.

Қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу жүйесі бір елде қалыпты әрекет саналса, басқа мемлекетте ол қабылданбайды.

Жапонияда шайлық берілмейді

Жапонияға кейінгі жылдары саяхатшылар көбейді. Күншығыс елін, өзіне тән мәдениетін, оның ішінде, Сакураның гүлденгенін көрушілер қарасы артып келеді. Бірақ бұл мемлекетте шайлық беру мәдениеті аса қалыптаспаған. Мұны мамандар жапондар үшін қызмет көрсету өнер ретінде қабылдануымен және жақсы жалақының төленуімен түсіндіреді.

Сингапурда шайлық беру әдепсіздікке жатады

Ал Сингапурда шайлық бергенде сақ болған жөн. Ең дұрысы, оны жасамаған абзал. Өйткені бұл елде шайлық беруді әдепсіздік деп санайды. Оның үстіне, қызмет көрсеткені үшін ақы бірден есепшотқа кіреді.

АҚШ-та шайлық қымбаттап барады

АҚШ-та шайлық беріледі. Әрі оның ақысы жыл өткен сайын қымбаттап барады дейді мамандар. Бұған шарықтаған инфляция себеп. Қаржылық дағдарыстың ауыр салдарын тұтынушылар да, даяшылар да қатты сезініп жатыр. Бүгінде АҚШ-та төлемақыдан 15-20 пайыз шайлық тастау әдетке айналған.

Ұлыбританияда шайлық көлемі заңмен белгіленген

Шайлық беру Британияда да бар. Бірақ мұндай арнаулы заң қабылданған. Шайлық көлемі сонда көрсетілген межеден аспауға тиіс. Дәмханаларда ол есепшотқа қосылған. Өзіңіз бергіңіз келгеннің өзінде 10-15 пайыздан асырмау қажет. Таксиде бұл мөлшер жолақының 10 пайызын құрайды. Жалпы шайлық беру дәстүрлі Англияда XVII ғасырда қалыптасқан. Даяшыларды асықтыру үшін шай ішушілер үстеме ақы берген.

Авторы: Ернат Мелсұлы