ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы екпені мақұлдады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне қарсы вакцинаны мақұлдады.

Оны даниялық Бавариан Нордик биотехнологиялық компаниясы жасап шығарған. Халықаралық ұйымның алдын ала бағалауынан кейін енді препаратты жасы 18-ден асқан адамдарға егуге рұқсат етілген. Мамандар екпені 4 апта аралықта екі рет салдыруға кеңес береді. Сол кезде тиімділігі 82% дейін жетуі тиіс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы бұл маймыл шешегімен күрестегі маңызды кезең екенін айтады.

Өткен айда бұл аураудың өршуіне байланысты жаһандық деңгейдегі төтенше жағдай жарияланған еді. Әсіресе Африкадағы жағдай қиын. Мұнда жыл басынан бері вирусты 25 мыңнан аса адам жұқтырып, солардың 700-ден астамы қайтыс болған. Инфекция Еуропа мен Азия елдердінде де тіркелді.