Қытай жылу электр станцияларының санын қысқартты

Қытай елі жылу электр станцияларын қысқартып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Көрші мемлекетте оның үлесі кейінгі екі жылда 13%-ке дейін азайды. Олардың орны атом энергоблоктарымен алмастырылуда. Қазір аспан асты елінде өндірелетін энергияның 5%-і АЭС-терге тиесілі. Бүгінде республикада 57 реактор жұмыс істеп тұр. Мемлекеттің ядролық кешенді бағдарламасына сай 2035 жылға дейін оның санын 100-ден асыру жоспарланып отыр. Жүзеге асса, АЭС-тер өндіретін энергияның үлесі 10%-ке жетеді. Бірінші кезекте қауіпсіздік. Қытай оны ең жоғары деңгейдегі технологияны қолдану арқылы қамтамасыз етіп отыр.

Айта кету керек, атом энергоблоктары тек қана электр энергиясын өндірмейді. Одан өндіріске, мегаполистердің жылу жүйесіне қажетті, бу мен сутегі де алуға болады. Қытайлықтар оның тиімділігін 30 жылдан астам уақыттан бері көріп отыр.

Тян Венг, Сиань атом энергетикасы институтының директоры:

- Кез келген электр станциясының өнімділігі оның жұмыс істеу сағатына байланысты. Мәселен қуаты 100 мегаваттық күн электр станциясын алайық. Қуаты 100 мегаватт болғанмен, ол тәулік бойы үздіксіз энергия өндіре алмайды. Түнгі уақытта күннің көзі қайтқанда өнімділігі төмендейді. Жел электр станциясы да дәл солай. Жел болса энергия бар. Генератор айналмаса, ол да жоқ. Ал, АЭС-тің бір артықшылығы осында. Реактордың қуаты жоғары. Жылдар бойы күндіз-түні үздіксіз тұрақты энергия өндіреді. Тек профикалактикалық және қауіпсіздік мақсатында 1,5 жылда бір технологиялық тексеріс пен отынын ауыстырып отырса болғаны. Ал ТЭЦ-тердің шығын көп. Қоршаған ортаға зияны орасан.