Грекияда бала туу көрсеткіші күрт төмендеп кетті
2070 жылы Грекия халқының төрттен бірі қысқаруы мүмкін.
Қазір елде 10 миллионнан аса адам тұрады. Кейінгі жылдары Эллада елінде бала туу көрсеткіші күрт төмендеп кеткен. Былтыр 92 мың сәби дүниеге келсе, 108 мың адам қайтыс болған. Демографиялық ахуалдың нашарлауына экономикалық қиындықтар себеп. Салдарынан кейінгі 10 жылда жарты миллионға жуық жас адам елден кетіп қалған. Грекияда жастар екі қолға бір күрек таппай, бала жоспарлауды кейінге ысырып қояды. Мәселенің ушыққаны соншалық, былтыр Эллада елінде демография мәселесін шешумен айналысатын министрлік құрылды. Мекеме бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін ұлғайтып, отбасылар үшін салық жеңілдіктерін енгізген.