Австрияда бір тұрғынға 4 саяхатшыдан келеді
Әлемде туристердің көптігінен ең қатты зардап шегетін мемлекет – Австрия.
«Мани Трансферс» британдық қаржы компаниясының зерттеу нәтижесі осындай. Мұнда халық саны 9 миллионнан асады. Жыл сайын елге 32 миллионға жуық демалушы бас сұғады. Сонда әрбір тұрғынға шамамен 4 саяхатшыдан келеді екен. Салдарынан демалушылар арасындағы танымал орындарда баспана бағасы қымбаттап, көлік кептелісі туындайды. Бүгінде саяхатшылардың көптігінен Италия, Испания мен Жапония секілді мемлекеттер шектеу шараларын енгізіп, сырттан келгендер үшін алым мөлшерін ұлғайтып жатыр.