Илон Маск жеке күзетке жыл сайын миллиондаған доллар жұмсайды
The New York Times басылымының хабарлауынша, америкалық кәсіпкерге жиі қоқан-лоқы көрсетіледі екен.
Бұрын жанында 2 күзетші жүрсе, қазір олардың саны 20-ға жуықтайды. Қауіпсіздік қызметкерлері Маск келгенше ғимараттың ішін тексеріп, эвакуация жолдарын дайындап қояды. Былтыр миллиардер жеке күзетіне 2,5 миллион доллар жұмсаған екен.
Бірақ соның өзінде бұл Meta компаниясының басшысы Марк Цукербергің шығындарына жетпейді. Медиамагнат 2018 жылы күзетке 23 миллион доллар бөліпті.