Еуропа елдерінде тасқын жүрді
Еуропаның орталық және шығыс бөлігінде алапат тасқын жүрді.
Салдарынан Румынияда 4 адам опат болды. Соңғы мәлімет бойынша тасқыннан 5 мыңға жуық үйге зақым келген. 25 мыңнан астамында жарық жоқ.
Чехияда 4 азамат із-түзсіз жоғалып кеткен. Табиғат апатынан елде жүздеген тұрғын жарықсыз қалды. Қазір қауіпті аймақтағы азаматтар шұғыл түрде эвакуацияланып жатыр. Ауа райы қолайсыздығына байланысты Брно қаласында 180 науқас өзге мекемелерге көшірілді. Оған өрт сөндіру қызметінің мамандары тартылған.
Польшада да осыған ұқсас жағдай. Адамдар жаппай көшіріліп жатыр. Бұдан бөлек, тасқынға тосқауыл қою үшін әскерилер құм толтырылған қапшықтар әзірлей бастаған. Қазір елдің оңтүстік бөлігінде ауа райы қолайсыздығына байланысты қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды. Вроцлав қаласының мэрі осыған байланыстың штаб құру туралы тапсырма берді. Мамандардың болжамына сәйкес топан су көп ұзамай Германия тұрғындарын да әбігерге салуы мүмкін.