Италия атом энергетикасына оралмақ

Италия араға 30 жыл салып қайтадан атом энергетикасына оралмақ.

Ел билігі қазбалы отынға деген тәуелділікті төмендетуді көздеп отыр. Себебі оның басым бөлігі сырттан әкелінеді. Ал энергия көздері халықтың қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды. Италия үкіметі көп ұзамай ел заңнамасына өзгерту енгізуді жоспарлап отыр. Соның арқасында шағын модульді реакторларға инвестиция тартуға жол ашылмақ.