Бразилияда дрондар ағаш отырғызады

Бразилия орманды алқапты қалпына келтіру үшін дрон қолдана бастады.

Атап айтқанда, ұшу аппараттары оталған ағаштардың орнына әуеден  тұқым себеді. Мамандардың айтуынша, бұл істе құрылғылардың көмегі зор. Әсіресе, адам қолы жете бермейтін жерлерде көп көмек болып тұр. Дрондар небәрі бір күнде 50 гектар аумаққа тұқым сеуіп шығады. Бразилия осы технологияның арқасында бір миллион түп ағаш егуді көздеп отыр.