Д. Трампқа оқ атқан Уэсли Раутқа заңсыз қару ұстады деген айып тағылды
Трамптың оқиғасы бойынша Уэсли Раутқа заңсыз қару сақтады деген айып тағылды.
Ол енді 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 500 мың доллар айыппұл төлеуі мүмкін. Естеріңізге сала кетейін, 16 тамызда Дональд Трамп ойнаған гольф клубының жанында оқ атылды. Трамптан 400 метр қашықтықта Құпия қызмет агенті қаруы бар адамды көріп, оған оқ жаудырған. Күдікті әуелі көлікке тығылуға тырысқан. Дегенмен оққағарлар оны дереу ұстады. Федералды тергеу бюросы бұл оқиғаны президенттікке үміткерге әдейі жасалған қастандық деп отыр.