Зимбабведе ашқұрсақ халыққа пілдің еті таратылады

Зимбабве билігі қуаңшылықтан зардап шеккен тұрғындарды тамақтандыру үшін 200 пілді атуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24kz.

Жануардың етін жергілікті халыққа таратып, азық-түлік дағдарысының алдын алмақ. Өйткені аймақта аштық қаупі жоғары. Бір тілім нан мен бір жұтым суға мұқтаж 68 млн-дай адам бар. Кейінгі бірнеше онжылдықта Оңтүстік Африка аймағын құрғақшылық жайлады. Соның кесірінен егін бітік шықпай, дәнді дақылдар қурап қалған.