Ливанда бір уақытта жүздеген пейджер жарылды
Ливанда бір уақытта жүздеген адамның пейджері жарылды, деп хабарлайды 24kz.
Соның салдарынан мыңнан аса адам жарақат алды. Қазір зардап шеккендердің бәрі шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп жатыр. «Хезболла» өкілдерінің айтуынша, бұл оқиғаға Израильдің арнайы қызметі жауапты. Олар байланыс құралдарына қашықтан бұзып кіріп, пейджерлерді жаппай жарған.
Айта кетейік, Ливанда бұл құрылғыны «Хезболла» мүшелері қолданады. Осыдан бірнеше ай бұрын аталған топтың көшбасшысы қауіпсіздік мақсатында жасақ мүшелеріне смартфоннан пейджерге ауысу туралы тапсырма берген болатын.