Польша Еуроодақтан көмек сұрады

Күзгі жауын-шашын біз ғана емес, біраз елді әбігерге салып жатыр.

Польшада алапат тасқын салдарын жоюға 1 млрд еуродан астам қаржы қажет. Тақауда Польша премьер-министрі Дональд Туск Еуроодақ елдерінен көмек сұрады. Тасқын кезінде бөгет жарылып, жүздеген үй қирап, жолдар бүлінген. Елде төтенше жағдай жарияланды. Естеріңізге сала кетейін, түнеугүні Орталық Еуропаның бірнеше мемлекетінде, Чехия, Словакия, австрия мен Румынияда толассыз жаңбыр жауып, тасқын салдарынан 18 адам опат болған еді.