Instagram балаларға арналған жаңа ереже енгізді

Instagram кәмелет жасқа толмаған жас қолданушылар үшін жаңа ереже енгізді.

Енді балалардың парақшасы автоматты түрде жасырын статусқа ауысып, деректер құпиялылығы сақталады. Сондай-ақ, платформадағы контент түрлеріне шектеу қойылады. Әлеуметтік желіде миллиондаған жас қолданушы тіркелген. Шектеу толық іске қосылғаннан кейін, 16-17 жастағы жасөспірімдер қолданбаны қалауынша өзгерте алады. Бірақ 13-14 жастағылар үшін ата-анасының рұқсаты қажет. Компания мұндай өзгерісті платформада кәмелетке толмағандарға қарсы қауіптің алдын алу мақсатында жүзеге асырған.