Норвегияда электромобильге сұраныс артты

Ел тұрғындары жанармай отынын тұтынатын көлікке қарағанда, тоқпен жүретін көлікті көп мінетін болған.

Аймақта 3 млн-ға жуық темір тұлпар тіркелсе, оның 26%-ы электрлі. Бұл кейінгі онжылдағы рекордтық көрсеткіш дейді мамандар. Енді жергілікті билік өкілдері жаңа жылдан бастап ауаны ластамайтын экологиялық таза көліктерді шығаруды жоспарлап отыр. Әсіресе, электр көліктерінің үлесі жоғары болады дейді.