Н. Пашинян ҰҚШҰ-ға қатысты мәлімдеме жасады
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Арменияның егемендігіне қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы Арманияның премьер-министрі Никол Пашинян жалпы армян форумында мәлімдеді.
"Біз барлық келісімдерді тоқтаттық. Себебі ұйым өз міндеттемелерін орындаған жоқ. Тіпті біздің елдің егемендігіне қауіп төндіріп тұр", - деді ол. Еске сала кетейік, ресми Ереван қауіпсіздік ұйымынан шығу туралы ұстанымын маусым айында айқындаған болатын.