Ливандағы жаппай жарылыс: 11 адам қаза тапты

Соңғы мәлімет бойынша Ливанда пейджерлердің жаппай жарылуы кезінде 11 адам қаза тапқан.

Тағы 4 мыңға жуығы жарақат алды. Біразының жағдайы ауыр. Пейджерлерді жергілікті "Хезболла" ұйымының өкілдері қолданғаны белгілі. 

Ливандық "Хезболла" ұйымы пейджерлерді бірнеше ай бұрын қолдана бастаған. Топ басшысы қауіпсіздік мақсатында смартфоннан бұл құрылғыларға көшу тапсырмасын берген. Өйткені олар қолданушының қай жерде тұрғаны туралы мәліметті көрсетпейді. Израильдің арнайы қызметі жарылғыш затты пейджердің батареясының жанына орнатқан болуы мүмкін. Сөйтіп кейіннен оны қашықтан іске қосқан. Бұл туралы жария етілмеген дереккөздеріне сілтеме жасай отырып Нью-Йорк Таймс басылымы хабарлайды. 

Джозеф Штейнберг, "Кибербезопасность для чайников" кітабының авторы:

- Ливанда, Сирия мен Иранда телефон не пейджер секілді құрылғылар жасап шығарылмайды. Олар басқа жақтан жеткізіледі. Сондықтан батыс ұйымдарының тасымал тізбегіне әсер етуі де ғажап емес. Демек мұның қасақанажасалуы әбден мүмкін.

Нью-Йорк Таймс басылымы пейджерлерді тайвандық Голд Аполло фирмасы өндіргенін хабарлаған. Бірақ компания өкілдері құрылғы біздікі емес деп отыр. Айтуларынша, пейджерлерді Аполло Голд атауын қолдануға рұқсат алған Еуропадаға фирмаладың бірі жасап шығарған. Енді беделіне нұқсан келген тайвандық өндіруші халықараық тергеу бастауға ниетті. 

Сюй Чинг-Куан, Gold apollo компаниясының негізін қалаушы:

- Ол біздің өнім емес. Құрылғыларда компаниямыздың заңбелгісі ғана болған. Оларды Ливанға жеткізумен дистрибьтор компания айналысқан. Жарылған пейджерлердің сатылымға шығарылғанына 2 жылдан аз уақыт болды.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, жарылысқа Израилдың "Моссад" сыртқы барлау қызметінің қатысы болуы мүмкін. Ондағылар салмағы 60 грамнан аспайтын жарылғыш заттарды 5 мың пейджерге орнатса керек. Құрылғылар Ливанға жыл басында жеткізілген. Енді "Хезболла" өкілдері болған оқиға үшін Изравильге кек қайтарамыз деп отыр.

 

Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Әсел Әбдіхалықова