Ливанда тағы жарылыс болды

Бұл жолы Израиль Хезболланың рацияларын жарып жіберген.

Салдарынан 20 адам қаза тапты. Тағы 450-і ауыр жарақат алған. Ресми ақпаратты Ливан Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Оқиға кешегі пейджер жарылысынан қаза тапқандарды жерлеу рәсімінде, ел астанасы Бейрутте болды. Ал пейджер жарылысы кезінде қаза тапқандар саны 12-ге жетті. Оның ішінде Хезболлалықтардан бөлек, ұйым мүшесінің кішкентай ұлы бар. Израильдің бұл әрекетін Біріккен Ұлттар Ұйымы апта соңында талқыламақ. Ал Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант «Израиль соғыстың жаңа кезеңін бастады» деп мәлімдеді.  

Йоав Галлант, Израиль қорғаныс министрі:
- Қазір соғыстың жаңа кезеңіндеміз. Сондықтан бұрынғыдан да көбірек күш жұмсалады. Хезболла ХАМАС емес. Олар әлдеқайда күштірек. Әр операция нақты әрі жүйелі түрде жүзеге асуы керек.