БҰҰ Бас ассамблеясы Израильді Палестинадан кетуге шақырған қарар қабылдады
Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясы Израильге Палестина аумағынан шығуды талап ететін қарар қабылдады, деп хабарлайды 24kz.
Құжатқа 124 ел қол қойып, 14 мемлекет қарсы шықты. Тағы 43-і қалыс қалды. Құжат БҰҰ Халықаралық сотының 1967 жылдан бастап Палестина территорияларын басып алу «заңсыз» деген шешіміне негізге ала отырып дайындалған. Оған сай талаптар бір жыл ішінде орындалуға тиіс. Ондай болмаған жағдайда Израильге санкциялар салынады. Ресми Тель-Авив болса, бұл шешіммен келіспейтінін жариялады. Израиль Сыртқы істер министрлігі: «Қабылданған құжат біржақты және бұрмаланған көзқарасты білдіреді» деп мәлімдеді.