Италияның солтүстік өңірлерін су басты
Италияның Эмилия-Романья облысы да дүлей дауыл мен толассыз жауын салдарынан су астында қалды, деп хабарлайды 24kz.
Зардап шеккен аймақтардан 2 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Марке мен Тоскана аудандарындағы мемлекеттік мекемелер мен мектептер жабылған. Сондай-ақ өңірде жол-көлік қатынасы тоқтатылды. Эмилия-Романья былтыр да су тасқынынан зардап шегіп, 17 адам опат болған. Сол кезде тасқыннан келген жалпы шығын 10 миллиард долларға бағаланған еді.