Ливанда жағдай тұрақсыздана бастады
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында Ливан азаматтарына қарсы жасалған әрекеттерді айыптау мүмкін. Бұл туралы саясаттанушы Жанат Момынқұлов айтты.
Өйткені тыңшылық пен барлау соғысында тың технологиялар қолданыла бастады. Бірнеше жыл бұрын бұлттар арасына жасырынып әуеден соққы бере алатын дрондар пайда болса, енді қашықтан мобильді құрылғыларды жару сияқты тетіктер іске қосылды, дейді сарапшы.
Жанат Момынқұлов, саясаттанушы:
- Израиль тарабы Ливандағы мәселені біршама шешіп тастағысы келеді. Өйткені Газадағы операциясы толық сәтті аяқталмады. Өз әскерінің моральдық рухын көтеріп, түскен беделін арттыру үшін осындай операцияға барып отыр. Иран, Хезболла және Израиль екі жақтан бір-біріне қоқан-лоққы көрсету, енді Хезболла өз жауабын дайындамақ. Бұдан бұрын Хамастың лидері осы Иранда өлтірілген болатын. Шиеленіс барған сайын артып бара жатыр.