Пейджер көмегімен жасалған шабуылдан кейін саяси ахуал ушықты
Израиль әскері Ливан астанасы Бейрутті зымыранмен атқылады.
Әскерилер жергілікті "Хезболла" ұйымы жетекшісінің көзін құртуды көздегендерін айтады. Соққы кезінде сол жоғары лауазымды командирдің қайтыс болғанын да хабарлады. Бірақ "Хезболла" бұл ақпаратты растаған жоқ. Ливан тарапы шабуыл кезінде 8 адамның көз жұмғанын мәлімдейді. Тағы 60-қа жуығы жараланған. Одан ертерек "Хезболла" Израильдің солтүстік аймақтарын атқылаған еді. Снарядтардың біразы атып түсірілген. Ал қалғандары еврей елі әскерінің штабтары мен дала лагерьлерін зақымдаған. Пейджерлер мен рацияның жаппай жарылуынан кейін екі ел арасындағы ахуал күрт ушығып, еврей елінің қорғаныс министрі әскери күшін Ливанмен шекарадағы солтүстікке қарай бағыттайтынын жария еткен еді.