Ұлыбританияның мемлекеттік қарызы жалпы ішкі өніммен теңесті

Сөйтіп, тамызда мемлекеттік берешек көлемі 13 миллиард 700 миллион стерлинг фунтқа жеткен, деп хабарлайды 24kz.

Мұндай антирекорд соңғы рет 1961 жылы болған. Оған инфляция жағдайында мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы мен түрлі жәрдемақылардың өсуі себеп. Риши Сунак бастаған қазіргі билік бұрынғы үкіметтен бюджетте 22 миллиард стрелинг фунт берешек қалып қойғанын айтады. Қаржы министрі «мемлекеттік шығындарды азайту керек», дейді.

«Жақын арада Ұлыбританияда салық көтерілуі мүмкін», деп пайымдап отыр сарапшылар.